From Wikipedia, the free encyclopedia
Беринг теңізі (орыс. Берингово море, ағылш. Bering Sea) — Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіз. Батысында Азия (Ресей), шығысында Солтүстік Америка (АҚШ) жағалаулары, оңтүстігінен Алеут (АҚШ), Командор (Ресей) аралдары қоршап жатыр. Солтүстігінде Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Мұзды мұхиттың Чукот теңізімен жалғасады. Ауданы 2,3 млн. км2, орташа тереңдігі 1598 м (ең терең жері 5500 м). Солтүстіктен оңтүстікке 1632 км-ге, батыстан шығысқа 2400 км-ге созылған. Солтүстігі мен шығысы құрлықтық қайраңмен шектеседі. Ал оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде өте терең теңіз асты қазаншұңқырлар кездеседі. Жағалауы аласа, жартасты, қатты тілімденген. Ірі шығанақтары: Анадыр, Олютор, Бристоль және Нортон. Ірі аралдары: Әулие Лаврентий, Нунивак, Карагин, Унимак, т.б. Теңізге ірі Анадыр, Юкон өзендері құяды. Климаты солтүстігінде субарктикалық, оңтүстігінде қоңыржай. Ауаның орташа температурасы ақпанда солтүстігінде –230С-тан оңтүстігінде 0 — 40С, тамызда 5 — 100С-қа дейін жылиды. Жауын-шашынның жылдық мөлшерңі солтүстігінде 200 — 400 мм, оңтүстігінде 1500 мм. Беткі ағыс айналымы сағат тіліне кері. Судың температурасы ақпанда солтүстігінде 00С шамасында, тамызда солтүстігінде 5 — 60С-қа, оңтүстігінде 100С-қа жетеді. Тұздылығы 32,0 — 32,5‰. Көбінесе теңіз беті қалқыма мұздармен жабылады. Солтүстігіне арктикалық, оңтүстігіне бореалдық өсімдік тән. Теңізде балықтың 240 түрі мекендейді, әсіресе, камбала, лосось көп. Сүтқоректілерден теңіз мысығы, калан, итбалық, сұр кит, кашалот кездеседі. Теңізден балық және теңіз аңдары ауланады. Беринг теңізінің көлік қатынасында маңызы зор. Басты порттары: Провидение, Анадыр (Ресей), Ном (АҚШ).[1]
Беринг теңізі орыс. Берингово море, ағылш. Bering Sea | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 2 315 000 км² |
Көлемі | 3 796 000 км³ |
Тереңдігі | 4151 м |
Орташа тереңдігі | 1600 м |
Орналасуы | |
60°02′34″ с. е. 178°51′27″ б. б.60.0428° с. е. 178.8575° б. б. (G) (O) (Я) | |
Беринг теңізі Ортаққорда |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.